Біліп-білмей жасап жаттық сан қадам – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Біліп-білмей жасап жаттық сан қадам» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 698
Біліп-білмей жасап жаттық сан қадам,
Қате болып шықты жолым таңдаған.
Санасында ояздығы білінер,
Тым ақжолтай жұрындарың – таң қалам.
Мінем бе екен мен қайтадан атқа аман?
Тұрған кезде қалың қорқау қаптаған.
Қашанғы бір у ішемін қылжаңдап,
Туады ма шалықтайтын шақ маған?
Қайта салам тосыннан кеп, қиғылық,
Қазып жатыр қорқауларым құйды, ұлып.
Айбалтамды шығарамын сақтаған,
Ат баурында қаларсыңдар ұйлығып.
Шыланады …
Тұяқ пенен шаша қан,
Ашынғаннан аянбаймын, бас алам.
Сазайыңды тартқызамын сан қабат,
Ісің үшін, иттігіңде жасаған.
Біліп-білмей бастық талай, сан қадам,
Қиялыма жас баладай алданам.
Тағы жолым дұрыс болмай шыға ма?
Өліп-талып, ұйқы көрмей таңдаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біліп-білмей жасап жаттық сан қадам өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Біліп-білмей жасап жаттық сан қадам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біліп-білмей жасап жаттық сан қадам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біліп-білмей жасап жаттық сан қадам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері