Жанымнан шып-шып мұң шыққан – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жанымнан шып-шып мұң шыққан» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 958
Жанымнан шып-шып мұң шыққан,
Мұң менің білем, несібем.
Сезімім нәзік қылшықтан,
Пернемді бассаң шешілем.
Ағыл да тегіл төгілем,
Шақ тұрған көңіл шағынсын.
Сөйлесіп жүрем өлімен,
Тірілер мені нағылсын?
Қарлығаш болсам ақтамақ,
Кетер ем бір сәт қиянға.
Пенделер мені қақпалап,
Өлтірер ме екен ұямда?
Барар жер, басар тау қалмай,
Алжыған иттей шөмидім.
Басымнан бақыт ауғандай,
Көңілге көміп,
Көң үйдім.
Батады кесел жанға абат,
Көкесін көрдім езгінің.
Миымды біреу балғалап,
Кеудеме сұқты кездігін.
Жайымды менің сезді кім?
Азапты кештім сан қабат.
… Ез болып шыққан – өз мінім,
Құлдыққа салшы жалдап ап …


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанымнан шып-шып мұң шыққан өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жанымнан шып-шып мұң шыққан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанымнан шып-шып мұң шыққан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жанымнан шып-шып мұң шыққан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері