Қара кер ат астымда жайтаңдаған – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қара кер ат астымда жайтаңдаған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1071
Қара кер ат астымда жайтаңдаған,
Нөпір халық сұқ қадап, «пай-пайлаған».
Делебемді қоздыртты дақбырт, мадақ,
Жазық болып көрінді қайқаң маған.
Жолдар қалды соңымда шиырланған,
Астым талай асудан, қиырлардан.
Тежемедім тізгінді, қоя бердім,
Көкейіме қиядан құйылды арман.
Көңіл өсті, өзім де шаттанғанмын,
Кенет, келіп жабысты қапталдан мұң.
Ермен қоса топ еттім қара жерге,
Мерт болмадым, жазымнан шақ қалғанмын.
Кісінеді қара кер кесек үнмен,
Атып тұрдым шыдамай төсегімнен!
... Түстің өзі осынша қобалжытты,
Сақтағайсың о Тәңір,
Кеселіңнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара кер ат астымда жайтаңдаған өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қара кер ат астымда жайтаңдаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара кер ат астымда жайтаңдаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара кер ат астымда жайтаңдаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері