Мен құдайға дәнеме істей алмаймын – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Мен құдайға дәнеме істей алмаймын» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 841
Мен құдайға дәнеме істей алмаймын,
Майы бітіп, сөнетұғын шамдаймын.
Тасмаңдаймын пенделердің ішінде,
Туады екен әлі алдымда
Қандай күн?
Тұлпар міндім,
Тақымымда жоқ бүгін,
Аласарды,
Биік еді шоқтығым.
Қара қайғы басты еңсені қаптап кеп,
Көкіректі тұтап қалды,
Боп тығын.

Ал сұлуды, сүймедім деу –
Жалғандық,
Отқа түстік осы жолда
Алдандық.
Мен де кеттім біреулерге
Арман боп,
Біреу кетті,
Жүрегімді дал-дал ғып.
Маңдайымда бақыт, қайғы
Шылқыған,
Сор арқалап ілгеріге
Ұмтылам.
Қашамын деп арандадым,
Адамға,
Бейбаяндау бұл өмірдің бұлтынан.
Шарасызбын,
Құдай салды
Көнемін,
Жылауық боп шығатындай өлеңім.
Өлең сенің,
Өртенем деп отыңа,
Қабындаттым қасіреттің
Көлемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен құдайға дәнеме істей алмаймын өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен құдайға дәнеме істей алмаймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен құдайға дәнеме істей алмаймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен құдайға дәнеме істей алмаймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері