Қанатым талды – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қанатым талды» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 822
Қанатым талды ...
Қайырды үміт шалғысын,
Саркебір халде, сағындым сені,
Жан құсым.
Арбасын айдап, кіресін тарттым құсаның,
Келемін міне,
Сүлдерім ғана қалды шын.
Өмірде мен бұл –
Жел қуған жай бір қаңғалақ,
Тастады тағдыр
Талқыға талай сан қабат.
Қолыма түсіп, шығып та кетті
Уыстан,
Бақытың, бағың ...
Дүние мынау жалған-ақ.
Көгімді кернеп,
Барады кесел кестелеп,
Сыбағам бітті,
Ішті де кетті бес төбет.
Жүрегім қағып, айналды басым –
Міскіндік,
Жайымды білші,
Мүмкіндік болса кешке кеп.
Шағылды тауым,
Шағылды миым,
Шағылдым,
Саркебір халде сағындым сені,
Сағындым.
Дешті Қыпшақтың жебесі едім ғой зулаған,
Қияннан келіп,
Көзіне тиген лағылдың.
Қанатым талды,
Қалықтай алмай тымықта,
Амалсыз баттым:
Былық пен, қалқам, шылыққа.
... Зарқұм соғысын өткеріп келген аламан,
Сезім мен нұрға,
Ділгір екенін ұмытпа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанатым талды өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қанатым талды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанатым талды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанатым талды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері