Тағы менің туған күнім – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Тағы менің туған күнім» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1022
Тағы менің туған күнім ...
Тегінде,
Таяй түсті сүйретіліп,
Өлім де.
Ақ қаршадай қанатымды сабалап,
Бір шағалам ұшып жүрді
Көгімде.
Жай түскендей астаң-кестең көңіл де.
Сағыныштың шілдесінде
Деміктім,
Су тамызар ауызыма
Келіп кім?
Сарығымды баса алмаймын
Сансырап,
Қу жүрекке сезімді әкеп
Теліппін.
Көкірекке күресінді көміппін.
Туған күнім.
Ойға түсті не түрлі,
Не бір жайттар мазамды әбден кетірді.
Жаһан көкке
Өтіп кетсем, шіркін-ай,
Жасап алып сағым, нұрдан
Көпірді.
Мына тірлік жек көреді...
Жекірді.
Нәркес жаным
Көтере алмай батпанды,
Қара жүрек – қақас күнге
Тапталды.
Безерленген бәдәуилеу дүние,
Ортасынан шарт сынуға
Шақ қалды.
Іздеп жүріп,
Мені әйтеуір тапты әңгі.
Сәуір туды сібірлетіп,
Ақ таңын,
Бірақ содан әсте ләззат таппадым.
Сәулім сенің, шырқың одан шырайлы,
Көңіл – түннің бір жұлдызын,
Жаққамын.
Аласұрып,
Жеті Қатты ақтадым.
Аққу қайтты
Құбыладан құбылып,
Көктемді алып,
Құс атаулы жұмылып.
Туған күнім – сол көктемнің ортасы –
Шоқ гүл жатты
Сабағынан жұлынып.
Елжіредім,
Көз жасыма құмығып.
Тағы менің туған күнім ...
Егілем,
Күйрек жанмын морт кететін
Тегі мен.
Той керек жоқ,
Айтшы маған ақтарып,
Кетпейтұғын көңілімнің көгінен,
Бір жылы сөз –
Ернеуімнен төгілем ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы менің туған күнім өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Тағы менің туған күнім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағы менің туған күнім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағы менің туған күнім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері