Құбылаға құлады талықсып күн – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Құбылаға құлады талықсып күн» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 650
Құбылаға құлады талықсып күн,
Түнереді жүрегім қаңысып тым.
Жамау-жамау жаныма жалғыз медет –
Мен өзіңді шатқалға алып шықтым.
Құз-құдірет жабырқау қарсы алғандай,
Менің жаным, сен ұқсаң – сарсаң қандай.
Шың басынан шыңырау ұшсам екен,
Көз алдыңда күйресем паршам қалмай.
Бұл өмірден байқасам маңыз қашқан,
Сен күрсініп, көз жасын тамызды Аспан.
Сонау, соно-ау көненің адамындай,
Боламыз ба,
Білмеймін,
Аңыз-дастан.
Құз қойыны сәт сайын тұмшаланды,
Төңіректі тұмандап, жын-шал алды.
Суалғандай сезімің,
Бұлақ қалай,
Сылдыр қағып ағады мұнша мәңгі?
Сен жатырсың жолыңды таңдап алып,
Шығып едім құсаға сан қамалып.
Езілді еңсем, жүрегім: парша-парша,
Күн де батты кірпігін қанға малып …


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құбылаға құлады талықсып күн өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Құбылаға құлады талықсып күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құбылаға құлады талықсып күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құбылаға құлады талықсып күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері