Толқынды өмір білемін – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Толқынды өмір білемін» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 855
Толқынды өмір білемін
Ырқыңды алған,
Тосып жүрдің еріксіз бір күнді алдан.
Жолықпадың
Бәрібір меніменен,
Кештеу ұқтың, дүние –
Шіркін – жалған.
Жаның сыздап жыладың теперіштен,
Мұңға батып қажыдың
Бекер іштен.
Аттай алмай сезімнен
Мәңгі кеттің,
Мен де ақымақ болыппын
Е-е, періштем.
Өтті уақыт, жыл жылжып,
Арада алшақ,
Бұл өмірге
Ой көзбен қараған шақ.
Ғашық едің сен маған,
Ескермедім,
Енді өзіңді қу көңіл барады аңсап.
Кешіргейсің, алдыңда
Аласарсақ,
Жүрегіңе беймезгіл жара салсақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Толқынды өмір білемін өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Толқынды өмір білемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Толқынды өмір білемін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Толқынды өмір білемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері