Жанарлары мөлдіреп, аясына мұң тұнған – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жанарлары мөлдіреп, аясына мұң тұнған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1164
Жанарлары мөлдіреп, аясына мұң тұнған,
Жұдырықтай жүрегі аттай тулап, бұлқынған.
Нарттай жанар бет-өңі – сұрланыпты болмашы,
Ренжітті кім білер, бәлки содыр жолдасы.
Жас парлаған боталап, сұлу көздің шарасын,
Бәзбіреулер тырнады, тым кездейсоқ жарасын.
Булығады алқымы көк долы өксік кептелген,
Шақырады пәк арман қолын бұлғап көк белден.
Кеткісі бар бір сәтке дала кезіп, жапанмен,
«Еркелеткен тағдырым, сен де маған қатал ма ең?»
Сазып қалды кеудесі ішқұста боп қамыққан,
Қайсар-қатал өмірден қалжыраған жалыққан.
Қыздың жаны осылай нәзік мұңға күптенген,
«Тірлігімнің бал шағы, балаң шағы біткен бе ең?
Неге мені сорлатып, жол тостырып қойғансың?
О, Тәңірім, кінәм не?
Сағындырма ...
Ойлан шын ...»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанарлары мөлдіреп, аясына мұң тұнған өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жанарлары мөлдіреп, аясына мұң тұнған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанарлары мөлдіреп, аясына мұң тұнған өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жанарлары мөлдіреп, аясына мұң тұнған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері