Жанға сая таптырмады саябақ

Бұл бетте «Жанға сая таптырмады саябақ» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 906
Жанға сая таптырмады саябақ.
Мен мұңайдым, ағаш та мұң, тас та мұң.
Сiзге деген сезiмiмдей аялап,
Ерiп жатқан аппақ қарды баспадым.
Баса алмадым, жылап жатыр нәзiктер,
Күн көзiнен қорғанады –
Қорғансыз...
Менiң ақ қар көңiлiмдi жазып көр.
Сiз де маған күн сияқты болғансыз.
Қауқары жоқ қар боп мен де ерiгем,
Сiзден өзге Күн болмаған көңiлде.
Сосын...
Сосын барлығынан жерiгем...
Өкпелiмiн сiзге және өмiрге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанға сая таптырмады саябақ өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Жанға сая таптырмады саябақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанға сая таптырмады саябақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанға сая таптырмады саябақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері