Сұрша қыз

Бұл бетте «Сұрша қыз» атты Жаяу Мұса жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 1
  • 16654
Неше жыл жүрсем дағы мен айдауда,
Шыдаймын, қажымаймын денім сауда,
Дәм жазып осы жолдан аман қайтсам,
Сұрша қыз, көрісерміз Баянтауда.
Боларсың сенде мендей, маған күлсең,
Ханзада, жауыздардан зорлық көрсең.
Есіңнен, күлмек түгіл, айырыларсың,
Айырылып ел- жұртыңнан, қаңғып жүрсең.
Үйімнен ала жаздай шай таппадым,
Орнығып,шіркін көңіл ,жай таппадың,
Мұсаның ол заһарын көрген шақта,
Жыландай қара шұбар қайқақтадым.
Омбыға шошынғаннан жаяу бардым,
Арада күн-күн жүріп тынбай бардым.
Княздың мен бұйрығын әкелсемде,
Пәлеге ашылмастай тағы қалдым.
Мұсамен бастық ояз бірге отырды,
Жүрегім мұны көріп тағы тұрды.
Жұмыстың оңалмасы бұл емеспе,
Екеуі тізе қосып жауап сұрды.
Қорықпай жауап бердім менде сонда.
Қашуға дәрмені жоқ жаяу сорлы.
Әй, Мұса, өлімісің, тірімісің,
Не болды Жамақанның, көремісің!
Несібең елден алар тоқтаған соң,
Бүйтіп жег.ен параңа тісің сынсын.
Сасай азбан бұл күнде болып тұрсың,
Баяғы дуанбастық жоқ қой күшің.
Жазығым не, мырзеке, менің қылған,
Соңыма мұнша түстің параң үшін.
Шаршар күнің болды ғой, жасың жетті.
Менде бала емеспін, шықты тісім.


Пікірлер (1)

Роза

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрша қыз өлеңінің авторы кім?

Жаяу Мұса — осы өлеңнің авторы.

Сұрша қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұрша қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жаяу Мұса өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұрша қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері