Сары сезiм қойғаннан соң ағармай – Құралай Омар

Бұл бетте «Сары сезiм қойғаннан соң ағармай» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 855
Сары сезiм қойғаннан соң ағармай,
Көпшiлiктен саяқ кетiп, жекелеп,
Баққа келдiм жаным дауа табардай,
Өзiмдi өзiм... сосын үмiт жетелеп.
Бүтiн көңiл жарты болған, жарылып.
Ауыр екен сағыныштың салмағы.
Аңсағаным, күтем деймiн сарылып,
Сөкпеңiзшi, төзiм мүлде қалмады.
Таусылдым-ау, тауым қоса шағылып,
Саябақтан жылап қайттым, түнерiп.
Жалғыз... жалғыз жүрек отыр тағы ұлып,
Жанарыма, жамалыма мұң ерiп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері