Ағыл-тегiл ерiдiм, жылып қар – мұң – Құралай Омар

Бұл бетте «Ағыл-тегiл ерiдiм, жылып қар – мұң» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 680
Ағыл-тегiл ерiдiм, жылып қар – мұң.
Тiл қатпадым, тыныштық. Тынып, талды үн.
(Сезiмiмнiң алдында дәрменсiзбiн,
Жүрегiн ақылымен құлыптар кiм?!)
Қарашыққа қиялдағы тұнып бал күн
Жүрген едiм...
Қайтейiн, жолыққанда
Қолымды ұсына алмай тұрып қалдым.
Көзiңiзге құрықталдым.
Бұғаулады жанымды...
Мұң демедiм.
Күндiз – арман, түсiмсiз түнде менiң.
Жағымды ашсам, сөздерiм жоғалардай,
Жаныңызда отырдым, үндемедiм.
Түсiнiстiк тiлсiз-ақ, үн шығармай,
Лүпiлдейдi тек жүрек тыншы қалмай.
Айтары көмейiнен шықпай қалып,
Дәл мендей, Күндi көрсе тұншығар ма Ай?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағыл-тегiл ерiдiм, жылып қар – мұң өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Ағыл-тегiл ерiдiм, жылып қар – мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағыл-тегiл ерiдiм, жылып қар – мұң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағыл-тегiл ерiдiм, жылып қар – мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері