Дүние қарайтындай – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Дүние қарайтындай» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 752
Көркем сөзге, иманға селт етпейді,
Өнегелі өлеңді ертек дейді.
Жұдырыққа сыйынып бас иеді,
Боксшының жік-жігін бөлшектейді...

Ұрған сайын ұрандап, қыбы қанар,
Ентелейді адамдай құры қалар.
Күшпен келген атаққа алғыс айтып,
Санап отыр ақшасын қырып алар.

Даңғойларды бұл қоғам пір санайды,
Атақ-даңқ, алтын-тас, пұл санайды.
«Пұқа сүрсе, азбандар сүйсінеді»-
Өзі соғып алғандай бір сарайды.

Қанымызда бар сірә бір қаталдық,
Бізді ұшпаққа шығарар бұл қашанғы?
Білім, еңбек, биікке ұмтылу жоқ,
Пенде де жоқ ақылды тыңдатарлық!..

Қанымыз сол, қаталдық қалайтындай,
Ешкім бізге демейді Ар айтыңдар.
Қаншалықты оспадар, ойсыз болсаң,-
Дүн-дүние дүрлігіп қарайтындай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүние қарайтындай өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Дүние қарайтындай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүние қарайтындай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүние қарайтындай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері