АНА – Нұрфариза Мырзағалиева

Бұл бетте «АНА» атты Нұрфариза Мырзағалиева жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • NMM
  • 08.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1831
Айту оңай,
Жеңіл жазу Ана атын.
Қиын қалай
Әйелге алу Ана атын.
Қиын шаруа
Арқалау да Ана атын.
Бақыт дара
Бағалау да Ана атын.
Бағы ғана
Баптауы да өз бағын.
Алыса жүріп
Арқа жазар кезінде,
Болыса жүріп
Арқалар бала жүгінде.
Жоғары кетсең
Құламас үшін семіртпей,
Төменде жүрсең
Құр болмас үшін жүдетпей,
Аптапта ыстық
Қанатын жая саяңа,
Ызғарда суық
Айналар жайлы жайыңа,
Түссе де өзі
Отты азапқа
Итерер сені
Ақ таң жұмаққа,
Анадан артық
Биіктік бар ма жаханда.
Тілеуінің бас аяғын
Сен қылар,
Болса титім
Құдіреті қолында
Жүрегіңнің дүрсіліне
Айналар,
Ана дейтін
Құдіретті Адам бар.
Биік тұрған
Биік-биік Ана аты
Тиіп тұрған
Адамзаттың жәннәті!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

АНА өлеңінің авторы кім?

Нұрфариза Мырзағалиева — осы өлеңнің авторы.

АНА өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

АНА өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

АНА өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар