Дастархан жыры – Әбіш Кекілбаев

Бұл бетте «Дастархан жыры» атты Әбіш Кекілбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.11.2015
  • 0
  • 2
  • 23890
Уа, достар, бүгін неткен керім еді,
Қыздар да қысырақтай керіледі.
Қара көз төңкерілсе төңірекке
Жалын от жанарынан төгіледі.
Апай төс ақ айдын боп ашылады,
Дірілдеп үркек кеуде басылады.
Жас анар жанар тау боп бұлқынғанда
Жігіттің ойы қырық шашылады.
Бас салып ерніне, тамағына,
Былғанып қалар ма еді далабына...
Жиын - той - шалқып жатқан айдын болса,
Қыз - соның сылаң қаққан шабағы ма?!..
Құриын десең оның бар маңына,
Сен оның татымайсың бармағына.
Шабақ боп ілікпейді саған өзі,
Сағақтан ілігесің қармағына.
Құлпырып жәннәт пейіш төріндегі
Тотыдай мың таранып керілгені,
Кілгіріп кірпіктерін әзер ашып,
Езуін жиыруға ерінгені.
Тәңірден содан басқа бар ма тілек,
Түрсаң ғой жолай алмай жадап-жүдеп.
Көйлегі көбелектей бұлғақ қағып,
Жүзіңді желпіп өтсе самал леп...
Ойпырмай, ойсыратты - ау, пері ме еді,...
Керсылаң кердең қағып, керігеді
Жігіттің жүйкесінен құрт боп жеген
Жасасын қыздың қызыл еріндері.
Ес кетіп, есеңгіреп, тағат тамам,
Алыстан аш бөрідей алақтаған,
Аңқау ой, арлан дәме, асау жүрек
Жасасын жігіттер де жалақтаған.
Жасасын дейміз енді тағы нені;
О, міне, қызыл келді, ағы келді...
Кенжесі дастарханның ерке туған,
Біз оған, олар бізге жағып еді.
Жоласаң, көмейден жыр ағып еді,
Өзі шоқ, өзі және жалын еді.
Серігі бақыттың да, қайғының да
Мөлтеңдеп күрең шарап тағы келді
Табынып, тамсанбаған кез бар ма оған
Көңілдің пайғамбары... Сөз бар ма оған!
Жасасын жалын шарап, арынды арақ,
Еліттіріп, елжіретіп, көзді арбаған.
Құтылып әзер ғана ноқтасынан,
Шампан да шыққан екен топ қасынан.
Құйыңдар, бол, бол, апшып қалмай тұрып,
Ақ көбік езуінің шоқ шашылған.
О достар! Ішейік те, күлелік те,
Өтерін бастан дәурен білелік те.
Бұл күннен айырылып ертеңдер біз,
Бакалдай шампаны жоқ мөлтеңдерміз.

1959.


Пікірлер (2)

Айнұр

Өте керемет екен !

Айкен

Өте күшті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дастархан жыры өлеңінің авторы кім?

Әбіш Кекілбаев — осы өлеңнің авторы.

Дастархан жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дастархан жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбіш Кекілбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дастархан жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері