Жүрегіңді тыңда

Бұл бетте «Жүрегіңді тыңда» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1516
Өмір мәні – шұғыла мен түнек түн,
Сынақ алаң тіршілікте түлеттің.
Ғажайыпты сыйдырыпсың бір Аллаһ,
Ішіне әкеп жұдырықтай жүректің.
Өмір жолы жазық емес, құласын,
Байқалады кімдер жасық, кім асыл?
Аллаһ бізге аян етті білдіріп,
Өткізбе деп Жаһилият күнәсін!
Аз өмірді ермек етпе қас-қағым,
Жер – алақан, шайқап отыр аспаным.
Иманыңды ұясынан үркітпе,
Жүрегіңді әзәзілге ашпағын!
Арманға жетеді,
Алла деп тынбаған.
Қайғысыз өтеді,
Жүрегін тыңдаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегіңді тыңда өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Жүрегіңді тыңда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегіңді тыңда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегіңді тыңда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері