Күн нұрынан күнде ерте қуаттанып

Бұл бетте «Күн нұрынан күнде ерте қуаттанып» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 747
Күн нұрынан күнде ерте қуаттанып,
Көк аспаннан көңілге шуақ тамып,
Жан қалауы жамырап жақсылыққа,
Шұрқырайды жылқыдай суат барып.
Бірі – жайдақ, ой айтар, бірі – қабат,
Шешеннен сөз, ақынның жыры қалад.
Адамдықтың арасын жалғап тұрар,
Жүрегіңнің пердесі – жылы қабақ.
Басқасының барлығы оты біткен,
Ете алмайды пейілді өсіріп кең.
Шын өмірің – Иеңді таныған күн,
Тұрады екен өзгесі өтіріктен.
Танысқаның келесі... аруменен,
Достасқаның қан тілер қаруменен.
Жар басынан ұшырар жол секілді,
Орындалмас онымен зәру деген.
Ән ем делік, пендеге күй ем делік,
Аумас жүгім – арқалы түйем делік,
Бәрі бекер,
Жүректе отырмаса
Жаратушы сүйенген Иең келіп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн нұрынан күнде ерте қуаттанып өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Күн нұрынан күнде ерте қуаттанып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн нұрынан күнде ерте қуаттанып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн нұрынан күнде ерте қуаттанып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері