Мәңгі ертегі Махаббат – Ақбөпе Жайлау

Бұл бетте «Мәңгі ертегі Махаббат» атты Ақбөпе Жайлау жазған махаббат туралы өлең берілген.

Айналып әлегіне көп жүректің,
Дүрсілдерін біршама көп тіреттің.
Қамсыз соққан жұдырық жүрегіме,
Сұранбастан шоқ қызыл бір гүл ектің.

Ессіз басқа бір ғашық ес сыйладын,
Ет жүрегім кеудеме еш сыймағын.
Айналған сезімімнің серігіне,
Өлеңімді ертелі-кеш тыймадым.

Өлең-сырым өзіңе жолдағаным,
Белгілі сенің сырың болмайтыным.
Біліп жүргін, жарығым жүректегі,
Өзің еккен шоқ гүлдің солмайтынын
Мәңгі ертегі ғой махаббат.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері