Өзіңді іздеп барам! – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Өзіңді іздеп барам!» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 741
Бұлқынған бұлақтардан,
Сыңсыған жел үнінен,
Арманнан жылап қалған,
Жастықтың желігінен,

Будақ бұлт жанарынан,
Шырақ күн жүрегінен,
Сәттерден сан арыған,
Сәттерден түн еріген,

Уақыттан жылжып аққан,
Бақыттан баяу жүрген,
Кездерден түн жылатқан,
Минуттан аяу білген,
Айналған жер шарынан,
Лайланған күдіктерден,
Өткен шақ шер-зарынан,
Үкілі үміттерден,

Ең ұлы біз деулерден,
Сезімді күз деп қалам.
Өзім боп түздегі өлең,
Өзіңді іздеп барам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзіңді іздеп барам! өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

Өзіңді іздеп барам! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзіңді іздеп барам! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табиғат Абаилдаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзіңді іздеп барам! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері