Ұзақ күннің батырдым тағы бірін – Қуаныш Оспан

Бұл бетте «Ұзақ күннің батырдым тағы бірін» атты Қуаныш Оспан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2021
  • 0
  • 0
  • 631
(ІІ)

Ұзақ күннің батырдым тағы бірін,
Ойларымның сен жайлы бәрі бүгін.
Ертең тағы ойлаймын жалғыз сені,
Солай тағы өтеді ары күнім.

Кетіппін ғой, айтпақшы, түнді ұмытып,
(Сағат тілі уақытты тұрды үгітіп).
Отырмын ғой білесің, ал, сен айтшы,
Елеңдейсің, ерке қыз, кімді күтіп?!

Шам да жақпай, кетер деп түнім қашып,
Күткен кезде қасыма мұңым да асық.
Сезді ме екен сен жайлы ойларымды,
Жақындады жұлдыздар жымыңдасып.

Жұлдыздарға көрсетсем құрметімді,
Жөн көрмейді олар да құр кетуді.
Бір шоғы - қас, бір шоғы- көзің болып,
Сенің сала бастайды суретіңді.

Дәл келтіріп ернің мен мұрыныңды,
Айнытпайды тіпті ерке қылығыңды.
Бірнешеуі әнеки шолпың болып,
Түнге қосып өреді бұрымыңды.

Түнгі аспаным әп сәтте мың құбылып,
Сұлулыққа бас иді құлдық ұрып.
Сұлу АЙды жетелеп қос қолынан,
Бір шоқ жұлдыз келеді зыр жүгіріп.

Қалқатайым күткенім осы менің,
Таң келеді дегендей "өшіремін"
АЙды алқа қып тағынған суретіңді,
Асығыс дәптеріме көшіремін...

27.05.16


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұзақ күннің батырдым тағы бірін өлеңінің авторы кім?

Қуаныш Оспан — осы өлеңнің авторы.

Ұзақ күннің батырдым тағы бірін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұзақ күннің батырдым тағы бірін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуаныш Оспан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұзақ күннің батырдым тағы бірін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері