Құттықтаймын ақын дос – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Құттықтаймын ақын дос» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 870
Алматының қызыл-жасыл гүлімен,
Аймағымның бұлбұлдары үнімен,
Қайнап шыққан жүрегімнің түбінен
Сезімімнің толқынымен, дірілмен
Әнімді алып, жырымды ертіп, ақын дос,
Құттықтауға келдім туған күніңмен.
Жылдар келіп, жылдар кетті білінбей,
Құз-қияға самғадың сен, мүдірмей.
Бақ құсындай көтерілдің еліңнің,
Ақ сәуледей, шаң-тозаңға ілінбей
Отандастар көкірегіне нұр құйдың,
Қаламыңнан бұлбұл құстың тіліндей.
Мөлдірлігі гауһарға ұқсас жырыңнан
Өзбек қызы өз бақытын ұғынған.
Қос бұрымдай егіз едік бұрыннан,
Кемпірқосақ тәрізді бір сызылған.
Сен жырлаған тағдырларды табушы ем
Бауырластан, бүкіл қазақ қызынан.
Өтті күндер көкіректе сыр тұнған,
Туған жерің қайта түлеп құлпырған,
Алқабында ән төгіліп, жыр тұнған
Ақ теңіз боп ақ мақтадай гүл тұнған.
Баурап алды бал жырыңның арнасын
Жаңа адамдар жаңалыққа ұмтылған.
Ақын жанға қай уақытта тыну бар!
Кезек күтпес қауырт іс бар қыруар!
Әлі талай айтылмаған сыры бар!
Әлі талай жазылмаған жыры бар!
Ақын мәңгі қартаймайды, тозбайды
Жауқазындай жас балауса жыры бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құттықтаймын ақын дос өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Құттықтаймын ақын дос өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құттықтаймын ақын дос өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құттықтаймын ақын дос өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері