Қайта-қайта санамда жаңғырдың, гүлім – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Қайта-қайта санамда жаңғырдың, гүлім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1305
Қайта-қайта санамда жаңғырдың, гүлім,
Іздеп сені қалада қаңғырдым бүгін.
Өлең жазам деп едім сезімді-ойлы,
Сүйкеп жаттым дәптерге жаңбырдың жырын.
Сағыныш менің жатқанда санамды сабап,
Аспанды да бұлт басып қабарды қабақ.
Батып кетті күн дағы елемей мені
Жан-жағымды тұмшалап қараңғы қамап.
Елеңдеп тұрды дегенмен ақымақ құлақ,
Миымда бір найзағай шатынап құлап.
Жүрегімнен үзілген мөлдір тамшыдай,
Айналамды орады жапырақ жылап.
Кезе алмадым дәл бүгін күлімдеп қырды,
Қазанның желі бетімнің суын кептірді.
Өзіңмен бірге кеткен соң амалым қайсы,
Жүрексіз кеудем азынап, уілдеп тұрды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайта-қайта санамда жаңғырдың, гүлім өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Қайта-қайта санамда жаңғырдың, гүлім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайта-қайта санамда жаңғырдың, гүлім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайта-қайта санамда жаңғырдың, гүлім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері