Ұрпақтар ұлағаты – Бұлбұл Төлеуханқызы

Бұл бетте «Ұрпақтар ұлағаты» атты Бұлбұл Төлеуханқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қаншама сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақ деп аталатын еліміз бар.
Сол елде өсіп өнген жас ұрпақтар,
Абайдың әр өлеңін жаңғырта алар.

Жаңғыру бар әлемге керек мақсат,
Сол үшін салт-дәстүрлі дәріптеу хақ.
Ата бабаң аңсап өткен туған жерді,
Көркейтіп,бір жаңғырту бізге сауап.

Қаншама батырлар мен Абайдай ақын,
Біз үшін қанын төккен,барын берген.
Жас ұрпақ еркін өссін дегеніндей,
Алып жерді мына бізге мұра еткен.

Еліміздің теңдігі мен ұлтшылдығы,
Осындай ұлы абайдың кішігірім сыйлығы.
Сол ерліктің бізге берген нәтижесі,
ТҰТАС ЕЛ БОП,БІРЛІКТЕ БОЛҒАНДЫҒЫ.

Абайдың әр өсиеті,тәрбиемен қаланған,
Сонда жатыр ақыл, білім қазағыма арналған.
Адам болып шығам десең бұл өмірден,
Абайды оқы,ұмытпа сәуле берген.

Әр өлеңі шарихатпен көмкерілген,
Өн тамыры әр қазақпен тереңдеген.
Сыр әлемі,сөз әлемі секілденіп,
АБАЙДЫҢ ӘР ӨЛЕҢІН СҮЙІП ӨТЕМ!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұрпақтар ұлағаты өлеңінің авторы кім?

Бұлбұл Төлеуханқызы — осы өлеңнің авторы.

Ұрпақтар ұлағаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұрпақтар ұлағаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бұлбұл Төлеуханқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұрпақтар ұлағаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар