Су құйдым отқа арша да жанса – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Су құйдым отқа арша да жанса» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 634
Су құйдым отқа арша да жанса,
Өлеңді жырттым парша да парша.
Өзімді көміп райдан қайттым,
Көңілім одан қалса да қанша.
Жүректі жырттым шаштым да қанын,
Үміттің дарға астым да бәрін.
Айналам түнек – қап-қара болды,
Құрыды көзден жас құрғап әлім.
Дүние-жерді өртеп те барам,
Айналды бір сәт ертекке ғалам.
Маңымды жайлап су қараңғылық,
Ешкім де бірақ селт етпеді оған.
Су құйдым отқа арша да жанса,
Өлеңді жырттым парша да парша.
Өзімді көміп райдан қайттым,
Көңілім одан қалса да қанша.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Су құйдым отқа арша да жанса өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Су құйдым отқа арша да жанса өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Су құйдым отқа арша да жанса өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Су құйдым отқа арша да жанса өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері