Жексұрын болдым – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Жексұрын болдым» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 616
Жексұрын болдым,
Жұмысқа тұрақтамадым,
Бұзып шыға алмастан сұрақ қамалын.
«Азғын әке» атағын арқалап алып,
Төмендеп жүзім,
Солқылдап жылап барамын.
Маған деген қуаныш – жабылып есік,
Кеудемдегі алаулы жалыным өшіп.
Дәл жүректің тұсынан қадалды шаншу
Өкпек желі тағдырдың қағынып есіп.
Жүрген жері, бұрынғы төбелес, ілік,
Сөйлей алмас дұшпаным төбеге шығып,
Қайда барсам қарсы алды Қорқыттың көрі,
Уықтарым үзіліп, кереге сынып.
Барады көкте тырналар – мөлиіп тізбек,
Көктемім өшті тым ерте көк иық күз кеп.
Ғайып ерен –
Қырық шілтен қолдай гөр өзің,
Бәрін де тастап кетейін Жерұйықты іздеп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жексұрын болдым өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Жексұрын болдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жексұрын болдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жексұрын болдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері