Бұл өмірді өтетін құйын дедім – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Бұл өмірді өтетін құйын дедім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 628
Бұл өмірді өтетін құйын дедім,
Таусылған жоқ әзірге сыйым – демім.
Қазамын деп әуремін құмнан құдық,
Тарықтырған тағдырым қиын менің.
Өткен күн татымайды таңдайға түк,
Сүріндім,
Сүріндірді жанбай жатып.
Көзіне дос-дұшпанның тура қарап,
Шіркін-ай, өткен өмір қандай бақыт!!
Жабы болды тұлппар деп жемдегенім,
Я онда жоқ, мұнда жоқ, сенделемін.
От-қайғы тамшылайды жүрегіме,
Күйіп бара жатқандай мендегі егін.
Өткен күн татымайды таңдайға түк,
Сонда да адаммын ғой, алдайды уақыт.
Дос-дұшпанның көзіне тура қарап,
Өткен өмір, шіркін-ай, қандай бақыт!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл өмірді өтетін құйын дедім өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Бұл өмірді өтетін құйын дедім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл өмірді өтетін құйын дедім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл өмірді өтетін құйын дедім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері