«Алла» деп оянады несібелі ер – Әбілда Аймақ

Бұл бетте ««Алла» деп оянады несібелі ер» атты Әбілда Аймақ жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 820
«Алла» деп оянады несібелі ер,
Алланы пір тұтқан жан өсіп-өнер.
Ұмытқан сәттерім көп иманымды,
Я, Алла, өзің мені кешіре көр!
Сәждеге басымды иіп көрмеген ем,
Шайтанның ісі болды мендегі өлең.
«Махаббат» деп шарапқа тойыңқырап,
Жыладым зарлы жоқтай елде менен
Кітабын дінсіздердің парақтадым,
Пақырға жеті теңге таратпадым.
Тілімді кәлимаға келтірмедім,
Сондықтан жол бермеді жаратқаным.
Я, Құдай, шек келтірмен кеңдігіңе,
Тобаға келіп тұрмын енді, міне.
Мен дағы Мұхаммедтің үмбеті едім,
Заманның қарғыс айтқан кер күніне.
Қираса сенен шығар көшім егер,
Қор болды ессіз ойға есіл өнер.
Құрысын шарабы да, сүйгені де
Я, Алла, иманды қыл, кешіре гөр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Алла» деп оянады несібелі ер өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

«Алла» деп оянады несібелі ер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Алла» деп оянады несібелі ер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

«Алла» деп оянады несібелі ер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері