Сендер маған ұрыспаңдар, өтінем – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Сендер маған ұрыспаңдар, өтінем» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 720
Сендер маған ұрыспаңдар, өтінем,
Сәл еркінсіп, серуендеп кетіп ем.
Қалам малып бал шараптың буына,
Құс өте алмас мұхиттардан өтіп ем.
Жарты құртты алты ай азық ететін,
Жаяу едім шаңы шықпай кететін.
Сендер маған ұрыспаңдар, өтінем,
Менің жаным тым балауса, бөпе тым.
Сендер маған ұрыспаңдар лайым,
Ұрыссаңдар бұзылады шырайым.
Кейімеңдер, жылап қалам баладай,
Тұман тұтып қалғандай-ақ Күн, Айын.
Жыр жазуға қалмай айла-амалым,
Бұза алмадым өсекшінің қамалын.
Жалғыз едім өлеңде де, өмірде,
Сондықтан да мұң жамылды жамалым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сендер маған ұрыспаңдар, өтінем өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Сендер маған ұрыспаңдар, өтінем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сендер маған ұрыспаңдар, өтінем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сендер маған ұрыспаңдар, өтінем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері