Айналаға отыра қап өренім – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Айналаға отыра қап өренім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 644
«Айналаға отыра қап өренім,
Жыр оқыдық түніменен» деп едім.
Мырс етті де былай деді бір досым,
«Қараңғы үйде қалай болды өлеңің?»
Тұрса қайтем мына қоғам оянбай,
Моторым жоқ жарық жағып қоярдай.
Жарық дүние жыр емес пе мен үшін
Ал мынаның не дегені, ой, Алла-ай!
Рас, менен оның күйі көп бөлек,
Келмеген ол жоқшылықпен бетпе-бет.
Алла оған берген шығар дүние,
Бірақ маған жыр беріпті төкпелеп.
Түсіп кетсем ой дейтұғын қалыңға,
Жетілік шам түтіндейді жанымда.
Дегенменен тіршілікте, шіркін-ай,
Не жетеді Өлеңдегі жалынға!
Алғашқыда өкпеледім досыма,
Тарықтырған қу тағдырың осы да!
Артынша оның байлығына қол сілтеп,
Келіп кірдім жыраулардың қосына.

1998 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айналаға отыра қап өренім өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Айналаға отыра қап өренім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айналаға отыра қап өренім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айналаға отыра қап өренім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері