Не болды маған өлеңнен мақұрым қалып – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Не болды маған өлеңнен мақұрым қалып» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1582
Не болды маған өлеңнен мақұрым қалып,
Өзге нәрсе жұтқан ба ақылымды анық.
Күлігіме қамшыны баса алмай келем,
Мұнша жерге келіп ем тақымым талып.
Ойлау жерден орғытып ойқастап едім,
Ойлыларға тәп-тәуір ой тастап едім.
Бәдізделіп қалды деп масайрап жүрдім,
Қазығұрттың белінде, қойтаста мөрім.
Ол бір кезде жағам да жайлауда болған,
Мыңғырған мал да көп еді қойнауда толған.
Ал бүгінде нан іздеп құмырсқа болдым,
Күнім дағы күн емес айдаудан әрман.
Тойларға бардым жалданып тиын-тебенге,
Парық та алмай мендегі құйынды өлеңде.
Бес теңгені малданып көңіл жайладым,
Толып кетсе де шаншыған миым тебенге.
Жаяулатып тойдан соң үйге беттедім,
Солығын басып самалмен күйген өкпенің.
Той берген жанның «Джипі» қағып кетердей
Шаң қаптырды тәнімнің сүйрелеп көнін.
Тойдағы жұмақ жоғалып, көшеде қалдым,
Қалың да қалың қайғымды еселеп алдым.
Ақын едім, бүгінде байға жалданып,
Шарап толы ақымды кеседен алдым.
Қайран өлең менімен қоштаса жаздап,
Көкіректегі шеріммен астаса қоздап,
Қолымды сілтеп бәріне тұңғиық сүңгіп,
Қайта іздедім жырымды басқаша боздап.
Жарамады-ау жүргенім мақұрым қалып,
Жырға айналды тағы да ақының анық.
«Нан бола ма өлеңің өліп-өшкенде»,
Деп жүрмесе болғаны қатыным налып...

11. 08. 2008.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не болды маған өлеңнен мақұрым қалып өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Не болды маған өлеңнен мақұрым қалып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не болды маған өлеңнен мақұрым қалып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не болды маған өлеңнен мақұрым қалып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері