Қорқыт – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Қорқыт» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1544
VIII –IX ғасырлар

Дәдәм Қорқыт, киелім,
Қаным менен сүйегім,
Сол заманда ағыттың
Қобызыңнын тиегін.
Қорқыт баба, асылым,
Қара қобыз - ғасырым.
Жер әлемді тербеткен
Күйлерің мен машығың.
Қорқыт баба – қобызым,
Қазақ, қырғыз, өзбегім,
Бүкіл түрік, оғызым,
Келе жатқан ілкіден,
Жасауланған тоғызым.
Қорқыт баба – шежірем,
Ер Түріктің өзі ме ең,
Рух жолын таңдасам.
Өзіңменен кезігем.
Түркістандай өлкенің,
Қарашығы, көзі ме ең?!
Түрік еткен Түрікті
Қобызың мен өзің ең.
Қобыз болып аңыраған,
Даланы жау жалмаған,
Бақсылардың атасы –
Қорқыт қобыз толғаған,
Тар жол тайғақ кешуде
Сен едің жол жалғаған,
Көктәңірін шақырып,
Қобызың да сарнаған,
Пірлер қолдап күйіңді,
Тастап жаттың арнадан.
Сенің үнің естілер
Түрік деген қосыннан,
Еділ – Жайық еңкілдеп
Еңіреп кеп қосылған,
Сыр жағалап ел көшіп,
Төңірекке жосылған,
Қорқыт баба алдында
Перғауын да тосылған.
Ары тартқан қылқобыз,
Бері тартқан қылқобыз,
Заманалар көшінен
Желі тарқан қылқобыз,
Қорқыт баба қалғыса,
Пері тартқан қылқобыз,
Көктәңірі дем беріп
Бөрі тартқан қылқобыз,
Қорқыт болып тағы да
Сері тартқан қылқобыз,
Қаратаудың адуын
Желі тартқан қылқобыз,
Пірі сенсің Түріктің,
Бірі сенсің қырықтың,
Күйіңмен – ақ сан қырлы
Қас жауларды іріттің.
Қобыз – күйдің бұлағы,
Ен даланың құлағы,
Түмен баптар шырағы,
Даламыздың ұлы әні,
Қорқыт ата қобызбен
Күйін тартып тұр әлі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қорқыт өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Қорқыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қорқыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қорқыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері