Оқжетпес бейнесі

Бұл бетте «Оқжетпес бейнесі» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 595
Құлпырған бояуымен көктеменің,
Бұлқынған «Айнакөлдей» өр кемерің;
Сияқты сұлулықтың баламасы,
Оқжетпес, сен не деген көркем едің?!
Үлбірер ақша бұлттар айдарындай,
Керім тау, кербез қойнау қайда мұндай?
Оқжетпес тастан құйған пирамидам,
Қасқиған қазағымның айбарындай!
Өзіңді аңсап келген жат-танысым,
Қуанып қызығыңа батқаны шын.
Аңыздай тарап кеткен ел аузында,
Оқжетпес, сенсің менің мақтанышым!
Қырандар қиясынан көп түлеген,
Оқжетпес – кіші Парнас деп білем мен.
Ол – Даңқ, олқысынба, ал даңқтың,
Шыңына көзің жетпес көк тіреген!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқжетпес бейнесі өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Оқжетпес бейнесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оқжетпес бейнесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оқжетпес бейнесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері