Көктемде кербез сұлу, жазда керім – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Көктемде кербез сұлу, жазда керім» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 636
Көктемде кербез сұлу, жазда керім,
Көкседім сексен көлдің сазды әлемін.
Көліңді, Көкшем, көптен жазбап едім,
Көрік боп көкірегім мазда менің!
Көңілім көп жауынды көксеп еді,
Кеткендей түбі түсіп көк шелегі:
Нөсерлеп қалың бұлттың өтсе легі,
Беу, сосын жұпарыңның өпсе лебі!
Айнакөл, жағаңда елтіп өскен едім,
Көркіңді жырына енді қосты өренің.
Бір қызды дәл өзіңдей дос көремін, –
Аңсатып қойған мені қос кемерім!
Сағынтты сол бір сұлу торғын бұрым,
Сол ғой деп білем сексен көлдің бірін.
Тағатсыз жолға шықпақ болдым бүгін,
Билетті алып қойғам он күн бұрын!
Жатыр ма тулап қазір көктемгі арнаң,
Қалқамен гүл теруші ек бөктерде алуан.
Кешіксем деп жүрмей ме «өкпем қалған»,
Көксеткен көңілдегі көптенгі арман.
Өңірің қызғалдаққа толған өндір,
Айнакөл, сен де мөлдір, ол да мөлдір!
Аққу-қаз жүзеді ойнап айдыныңда,
Менің де аққуымды қолға қондыр!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемде кербез сұлу, жазда керім өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Көктемде кербез сұлу, жазда керім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемде кербез сұлу, жазда керім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемде кербез сұлу, жазда керім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері