Әкешім – Айжан Жарасбекова

Бұл бетте «Әкешім» атты Айжан Жарасбекова жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Әкетайым!
Әкетайым, сен менің асқарымсың,
Қол жетпейтін биіктегі аспанымсың.
Тұңғышыңыз сізге өлеңді арнап өтер,
Ол үшін алынбайтын асқарсыз.

Әкетайым, сен менің-ардағымсың,
Жел тұрса да алынбайтын қорғанымсың
Разымын мен АЛЛАға дәл өзіңдей
Әкесінің қырсық қызы болғаны үшін.

Әкетайым, сен менің-өр тұлғамсың,
Қызың десе, майысып морт сынғансың,
"Темір адам " болғың кеп көрінсе де
Мен үшін тек жүрегі жұсақ жансың.

Әкетайым, сен менің жүрегімсің,
Алынбайтын тас қамал тірегімсің.
Ауырмашы жан әке ұзақ жаса,
Отбасының сен әке жүрегісің.


Пікірлер (1)

Арука

«Айжан Жарасбекованың "Әкешім" өлеңі – әкеге деген шексіз махаббат пен құрметтің әсем жыр үлгісі екен. Ақын әке бейнесін "асқарым", "аспаным", "қорғаным", "тірегім" деп асқақтата суреттей отырып, оның қызы үшін қаншалықты маңызды екенін шебер жеткізген.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкешім өлеңінің авторы кім?

Айжан Жарасбекова — осы өлеңнің авторы.

Әкешім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкешім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әкешім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар