Сырлы сезім

Бұл бетте «Сырлы сезім» атты Batyrzhan жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ойнайды ішімде бір сырлы сезім,
Сол сезімді айналайын, сен де сезін
Тұңғиық көздеріңе қарай беріп,
Тереңдете, тұтқынына түскен кезім

Тағдыры өмірімнің сен едің бе?
Тағдыры өміріңнің мен едім бе?
Болшы мендік, болайын, мен де сендік
Қолыңды бер, көп күттірмей, жүрші, кеттік

Қызыл түске боянған еріндерің,
Қызыл түсті раушанды кейіптейді
Қызыл түсті көйлегіңді киіп шықсаң,
Жүрегім көңіл тасып, елжірейді

Көңіл тасып, елжіресе десе, демек
Бұл жанға басқа жаннан көмек керек
Күнделете, түнделете сені ойлай
Махаббат деп шырқайды тасқан жүрек...

Шегі бар махаббатың ойынында
Ойымдасың, бірақ жоқсың қойынымда
Өзгеге ертең көңіл сала ма деп,
Ол жағын, жаным, мүлдем уайымдама


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырлы сезім өлеңінің авторы кім?

Batyrzhan — осы өлеңнің авторы.

Сырлы сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырлы сезім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Batyrzhan өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сырлы сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер