Оралман жыры – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Оралман жыры» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 611
Оралман деп атайды бүгін мені,
Жатсынған жоқ Алатау гүлім деді.
Жатсынған жоқ Алматы, алма ағашы,
Маған тартқан қызым-ау түрің деді.

Бұлақпенен үндесіп күй іштегі,
Иттері де үргенмен тиіспеді.
Таудың қоңыр самалы қымсына кеп,
Құлағымның түбінен иіскеді.

Шашылып жеттім елге шала көшіп,
Ата жұрт рухыңмен қанам өсіп.
Келсең қайтем дегенді естігенде,
Кеудеңе кеп тигендей тағалы етік.

Кіндік кескен кеңіске қайырылмай,
Атамекен асқаным айыбымдай.
Теңселемін Тәңір-ай екі ортада,
Қалтылдаған қайыршы қайығындай.

Жан жүрегім осыған паршаланып,
Қонды келіп кеудеме қаншама бұлт.
Екі ел де ен тақпай, еркін ақпай,
Ертіске ұқсас күй кештім – халықаралық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оралман жыры өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Оралман жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оралман жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оралман жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері