Төртінші желдірме

Бұл бетте «Төртінші желдірме» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2816
Ембіде мұнай қазған еңбек ері
Жұмысшы балуан білек тұрмыс белі,
Мұнайға жылжып барып тамшылайды,
Мөлтілдеп шып-шып шыққан маңцай тері.

Ұстара қолдарында бір-бір күрек,
Алмастай тиген жерін кетеді іреп,
Тамырын майлы жердің қиып түсіп,
Дірілдеп мұнай шапшып шүмек-шүмек.

Өнердің таң қалдырды бір қызығы,
Бойлатып жер астынан салған бұрғы,
Мұнайға сом балғамен барам десе,
Қағысып жол бермейді қызыл құмы.

Жылмаңдар жүйрік бұрғы жылмаң-жылмаң,
Суылдап арасымен қызыл құмның,
Нақпа-нақ шын көзіне ине өткендей,
Сүйріктей мұнай шапшып қылмаң-қылмаң.

Доссорым ана жақта жатыр шалқып,
Астында ақ Еділдін майы қалқып,
Төменде асыл кеннің қызуына,
Терлейсің басып тұрып, бойың балқып.

Байшонас, Мақат, Бекпай тағы да бар,
Мындаған бәрінде де жұмысшылар.
Сабадай ерте кеште күмпілдетіп
Мың пұттап сағатына май ағызар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төртінші желдірме өлеңінің авторы кім?

Иса Байзақов — осы өлеңнің авторы.

Төртінші желдірме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төртінші желдірме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иса Байзақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төртінші желдірме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері