Қыз бұлақтар желпінген – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Қыз бұлақтар желпінген» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.06.2021
  • 0
  • 0
  • 792
Қыз бұлақтар желпінген
жырымды оқып қазақтық,
Жеңіл сөйлеп, жел тілмен
жатқан сын-ды мазақ қып.
Кеудемді өбіп жыр қызған
сыбырлайд жел жақын кеп:
қолың жетпей бір қызға
қор болдың-ау ақын деп.
Үлде киіп үлбіреп
қайың-жеңгей әп-әппақ,
маған қарап күлді кеп
әппақ санын шапақтап.
Бұршақ ұрып жұтатқан
алма ағаш түр ән салып.
Мені нұсқап бұтақтар
шошайтты көп саусағын.
Ал, мен болсам, қайғыдан,
арқаладым ұятты:
әр бағыттан айныған
әйленкес жел сияқты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері