Арман, арман о, қандай асқақ еді
- 0
- 0
Арман, арман о, қандай асқақ еді.
Көрінеді асқаққа тас та әдемі.
Солып қалар суыққа көңіл гүлім,
Қатарына кәрінің қоспа мені.
Бұл бетте «Мәңгілікке орын алдың жыр бағынан» атты uldanaibaiuzak жазған поэзия туралы өлең берілген.
Арман, арман о, қандай асқақ еді.
Көрінеді асқаққа тас та әдемі.
Солып қалар суыққа көңіл гүлім,
Қатарына кәрінің қоспа мені.
Өтпелі, бір сәтпен дос, өлшемегін,
Жүрекке жолаушыдай жол шегемін.
Адамның ақшасы емес, ақылына
Апаннан ап шығардай мен сенемін.
Айтарым көп, қалай бастап, не деймін,
Ит үреді, иттің несін елеймін?
Сыртқа, жарық дүниеге шыға алмай,
Тұйықталам, тұтқыны боп мен ойдың...
Түспейді сәуле күн жақтан,
Жұлдызым менің жүр жанбай.
Көңілсізбін, зіл батпан –
Еңсемді басып тұрғандай.
Жүрегім жүрек емес, жара менің,
Уланды, сол жарадан жан әлемім.
Білмеймін, не боп барам, осы кеше
Адамдық көзбен күнге қарап едім.
Үмітім менің алданды,
Жанымның гүлі тұр жылап.
Жалпағынан басып жалғанды,
Қарайсың салқын, тұнжырап.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі