Егіс

Бұл бетте «Егіс» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2639
Колхозшым гүлдендіріп егісіңді,
Тез бітір түгел жыртып үлесіңді,
Маржандай қызыл бидай орғың келсе
Ұқыптап, тәрбиелеп сал күшіңді.
Қаулатып тракторлар өнерменен,
Егіске жұмылыңдар жігерменен,
Бірлескен колхоз, совхоз күш сенікі,
Жер жайын кеңесіңдер агрономмен.
Бауырдай бұйра тіліп қара жерді,
Тамырын құрыш сталь кесе білді,
Еңбектің шын өнімді жемісі егін,
Гүлдентед көркейтетін еңбекші елді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Егіс өлеңінің авторы кім?

Иса Байзақов — осы өлеңнің авторы.

Егіс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Егіс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иса Байзақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Егіс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері