Шахтерлер туралы ән

Бұл бетте «Шахтерлер туралы ән» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 5141
Қарағанды шахтерлері, ұр еңбектің дабылын,
Түс одақтық жарысқа, үдет істің қарқынын.
Көрсет бүгін қайрат, күшті социалистік жарыста,
Жер құйқасын шымырлатып, соқ айлаңды қарышта.
Қызсын еңбек, қайнасын күш майданда,
Сыбан білек, түр жеңді, ұлы дүбір шабыста.
Еңбек ері, түс жарысқа, істі үдет қарқында,
Бар күшіңді аямастан жұмса іске тартынба.
Үлгі көрсет, басшылық ет еріншекке еңбекте,
Көмектесіп күш біріктір, қатарыңнан қалдырма.
Техниканы меңгере біл, білімменен іс істе,
Кен түбінде қара көмір, қара жақпар жарылсын,
Еңбек қазан заводыңа алтын шырақ жағылсын.
Ұшыр көкке олқылықты, қайта келмес алысқа,
Кем-кетікті түгел жойып жетейік бұл табысқа,
Ұлы істің міндеттерін іс жүзінде орында,
Донбасс, Кузбасс бассейннің қатарынан қалыспа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шахтерлер туралы ән өлеңінің авторы кім?

Иса Байзақов — осы өлеңнің авторы.

Шахтерлер туралы ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шахтерлер туралы ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иса Байзақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шахтерлер туралы ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері