Жүрісінен жаңылған жорғадайын – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жүрісінен жаңылған жорғадайын» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 779
Жүрісінен жаңылған жорғадайын
Қона бермес бақ құсы қолға дəйім.
Бұлбұл ұшып кетті деп гүлзарынан
Борша егіліп несіне қорланайын.
Бұлбұл ұшса,
Басқа бір бағы бар да.
Ғазиз жүрек арманнан арылар ма...
Жалғыз қалған сəттерде,
Жарап жатыр
Жалғыз адам табылса жан ұғарға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері