Өлең, жыр, ақындар

Таулар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1358
Көгілдір таулар, көк белдер,
Көруге ғана жаралған, –
Сиқырлы сұлу көктем мен
Көктемгі балғын самалдан.
Қайғысыз,
мұңсыз жалғанның,
Қызығын жиған тау іші.
Бойына сіңген талдардың,
Бейкүнә құстың дауысы.
Тигізбей оны желге де,
Жағалай қоршап нулары,
Орапты торғын пердеге
Өзеннің бозғылт булары.
Шалғынға көміп етегін,
Қондырып мөлдір шықтарды,
Барады сәуле көтеріп
Бетіне қонған бұлттарды.
Әлдилеп біреу арудай,
Әкеліп мынау араға,
Қызғанып тозаң,
дауылдан
Қойғандай іліп ауаға.
Тұрады балқып бұрымын
Төгілте тастап еңіске,
Шипалы гүлдің шырынын
Армансыз жұтқан періште.
Армансыз салып ойынын да
Басады балғын күйіне, –
Көгілдір таудың қойнында
Кіршіксіз сәби дүние...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таулар өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Таулар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Таулар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таулар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері