Мен өмірмін – Айдана Қайсарбекқызы

Бұл бетте «Мен өмірмін» атты Айдана Қайсарбекқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 782
Мен өмірмін,
менмін ол өмір деген,
Күн күлімдеп тұрса да көгімде ерен,
Жылу болып ешкімге бөлінбегем,
Мейірім боп ешкімге төгілмегем.

Мен өмірмін,
өмір ол мен емеспе ем?
Қуған жанға жеткізбей өре көшкем.
Ессіздерді шығармай елеп естен,
Ес кетіріп естімен ерегескем.

Бишіксізге бұқара билетпедім,
Имектедім мықтыны, күйретпедім.
Жақсылықты елеуді сиреткемін,
Ұмытшақтық уақытқа үйреткенім.

Кек кеулесе, кеудеде қайғы есіріп
Өкініш боп оралам, жәй кешігіп.
Ана өмірде сауабын өсірмеймін,
Мерейі өссе мекердің майкекірік.

Армандайсың несіне арсыны атап,
Тас теспесе алмас ед тамшы да атақ.
Әурелегем онсызда талайларды,
Қара орманнан тапқызбай қамшыға сап.

Тұрсам дағы тамылжып тамыз құсап,
Арандатқам талайды азуды сап.
Өтіріктен тұрғызып мұнарамды,
Ақиқатқа тастағам ажырғы сап.

Тілесең де таймаймын қаттылықтан,
Шабыттанып аламын жат қылықтан.
Жамандадың неліктен, мен емес пе ем,
Қазынаңды әперген ақ құлыптан.

Әй, ақыным,
неліктен түсің қатқан,
Бойымдағы білесің күшімді ақпан.
Мен емес пе ем тұлпардай кермедегі,
Қаламыңның тұяғын тысырлатқан.

Жабырқаумен жаман мұң жамылмадың,
Ақылыңнан әйтеуір арылмадың.
Мен өмірмін
ендеше есте тұтқын,
Бұл өмірден керектің бәрін де алдың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен өмірмін өлеңінің авторы кім?

Айдана Қайсарбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Мен өмірмін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен өмірмін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айдана Қайсарбекқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен өмірмін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері