Сырласу – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сырласу» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 650
Біз, тәте, екеуміз-ақ
Екеуміз ғана қалдық.
Бір ата,
бір үрім-бұтақ,
Өрбіген
туыстан барлық.
Сен, бірақ қамықпашы,
Мен әлі тірімін ғой.
Болсам да солып қалған,
Тобылғы түбіріндей.
Ала алмай етсем дағы,
Әйел боп ана атын.
Әнім мен жырым болар,
Болашаққа апаратын.
Тек ұрпақ қана ма екен,
Шығарар әкенің атын!
Менің де бар емес пе,
Мәңгілік өлмейтін хатым.
Өмірде кім бар дейсің,
Өтетін сағы сынбай!
Жүрермін қалар болса,
Бір қазақ жағы сынбай. 
Тамыры қалады ғой,
Гүл бүрін суық ұрса.
Ғасырды біз де асармыз,
Артта ел аман тұрса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырласу өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сырласу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырласу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сырласу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері