Қаздар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қаздар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2772
Бұрылтпай оңға, солға да,
Үйіріп жолды оқ демі,
От болып қонды орманға
Соғыстың күрең көктемі.
Жығылып үйлер жаралы,
Жалындап жанып жатты азбар.
Төбеден ұшып барады
Төлеген досы - ақ қаздар.
Жауынгер көкке қарады.
Бұл күйді тосын қапты ұқпай.
Ақ қаздар бірде көрінді
Аспанда қалқып ақ бұлттай.
Аңсады бейбіт өмірді
Тұратын тұнып оқты атпай.
Ақ қаздар бірде керінді
Жарына жазған ақ хаттай.
ұр еді ол мана күрсініп
Өмірдің сәні кеткендей.
Қуанды енді тіршілік
Ақ қаз боп желпіп өткендей.
***
Жатыр қабір тас бекіне
Даланың бір төбешігі.
Жазылмапты тас бетіне
Ең болмаса ер есімі.
Кім болды екен қайран боздақ
Күткен көптен бір хабарын.
Шашын теріс жайған боздап,
Жалғызы ма бұл ананың.
Күнде жоқтап зар жылаған,
Батқан мұңы елге біздің.
Күте-күте қалжыраған,
Жары ма бұл жеңгеміздің.
Қасымда жоқ адам бөтен,
Тұрдым көп сыр түйіп ішке.
Қандай айла табар екем.
Удай ащы күйінішке.
Білмеген де бір есептен
Жақсы шағар бұл жігітті.
Хабар күткен келешектен
Сөндірермін бір үмітті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаздар өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қаздар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаздар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаздар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері