Ән

Бұл бетте «Ән» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4031
Жан жүйені ұйытқан.
Жалын қанат ән тәтті.
Суық күнде жылытқан
Сұр окопта солдатты.
Солдатпенен бір жүріп,
Берлинге де бір барған.
Дүние жүзін күлдіріп,
Жеңіс әні жырланған.
Қысқы суық іңірде,
Жылқышымен қыр асқан.
Жаздың жайлы түнінде
Қыз жанымен сырласқан.
Жан толқынын өрлетіп
Жарымдайсың сырлассам.
Жүрегімді тербетіп,
Бір қалмайсың жыр жазсам.
1950


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері