Сыр сандық – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сыр сандық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1797
Сыр сандықты ашып қара.
Ашып қара, сырласым!
Сым пернені басып қара,
Басып қара, жырласын.
Сәкен Сейфуллин

Оқушы дос, алдындағы,
Алдындағы сыр сандық.
Сыр сандық бұл – жан құндағы,
Жан құндағы – жыр сандық.
Сыр сандықтың Кілті2, оқушым,
Кілті, оқушым, қолында.
Сыр сандықтан сыр тоқырсың,
Сыр тоқырсың қонымды.
Теңіз ойдың тереңінен,
Тереңінен бір-бірлеп,
Тердім інжу кемерінен,
Кемерінен күмбірлеп
Сыр төгілді, жүрек сынды
Сыр сандықта сақтадым.
Сыр сандықтан тыңда сырды
Тұтатар ой шақпағын.
Ен даланың сырын тіздім,
Сырын тіздім орманның.
Таудан алдым,
бұлттан үздім,
Өрнектеп ой толғадым.
Көктемеге би билеттім,
Би билеттім жыр еттім
Толқынына әлдилеттім,
Әлдилеттім жүректің.
Өмір мұхит жағасының,
Жағасының гүл бағын
Араладым
және осыдан
Бұлбұл үнін тыңдадым.
Тіздім жырдың ақ маржаның
Ақ маржанын даралап,
Ақ маржанды ақтар, жаным,
Ақтар, жаным, саралап.
Ақын – бала!
Сыр айтады ол,
Сыр айтады сеніп тым...
Бірде шат, бір мұң айтады...
Сырымды ұқсаң, мені ұқтың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыр сандық өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сыр сандық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыр сандық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыр сандық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері