Пай-пай, пәленшекең-ай! – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Пай-пай, пәленшекең-ай!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 642
Пай-пай, пәленшекең-ай!» –
Деп жатамыз, – «ірі ғой!»
Әділ көрер көз болса,
Ол да адамның бірі ғой.
Әр мезгілдің әдемі
Жарастықты сәні бар
Әр бұлбұлдың өз демі,
Өз тынысы, әні бар.
Әрбір биік өзінің
Өресімен танылар.
Дария толқып, тасыса,
Шарасынан табылар.
Күн орнына түн келсе,
Көз сырынан жаңылар.
Сөйткенімен таң атпай,
Қалмайтыны тағы бар.
Әр қадамды бір кезбен
Өлшеушілер әлі бар.
Адам сайын қадам бар.
Осыны ұқсақ не қылар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пай-пай, пәленшекең-ай! өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Пай-пай, пәленшекең-ай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пай-пай, пәленшекең-ай! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пай-пай, пәленшекең-ай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері